Отандық онкологтар тәжірибе шыңдады
Отандық онкологтар тәжірибе шыңдады
515
оқылды
Абай облысының онкохирургтары панкреатодуоденалды аймақтағы ісіктері бар, яғни ұйқы безінің обырына шалдыққан пациенттерді емдеу дағдыларын арттыруға мүмкіндік алды. 26 қазаннан бастап үш апта бойы Абай об­лысының Ядролық медицина және онкология орталығында Бохумдағы (Германия) Рур уни­вер­ситетінің профессоры, медицина ғылым­дарының докторы Ханс-Вернер Кравцак панкреатодуоденалды аймақтағы ісіктері бар науқастарды емдеу сапасын жақсарту бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. Облыс онко­логтары германиялық профессормен бірлесіп, оқыту семинарларынан басқа онкологиялық аурулардың клиникалық және күрделі жағдай­ларын талдайды. Профессор Ханс-Вернер Кравцак – хирур­гияның барлық негізгі салаларында, әсіресе висцеральды, кеуде, тамыр және травма­тологиялық хирургия мен ортопедияда көпжыл­дық тәжірибесі бар әлемнің жетекші сарапшы­ларының бірі. Оның кәсіби дағдылары қатарына ірі хирургиялық операциялар мен күрделі қатерлі ісік ауруларын қарқынды бақылау және емдеу, минималды инвазивті бейне-эндос­копиялық операциялар, ашық хирургия және өкпеге, көкірек пен кеудеге минималды ин­вазивті операциялар жатады. Айта кетейік, аталмыш оқыту семинарлары Германия үкіметі қорының жобасы шеңберінде өткізіледі, олар панкреатодуоденалды аймақ­тағы ісіктері бар науқастарды емдеу саласындағы отандық онкологтардың білімі мен дағдыларын тереңдетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, соны­мен қатар онкологиялық ауруларды ем­деуде заманауи стандарттар мен тәсілдерді ен­гізуге, шетелдік әріптестерімен тәжірибе ал­масуға ықпал етеді.

А.ҚАЗАҚ