Министрлік мектеп формасына тағы да өзгеріс енгізбек
Министрлік мектеп формасына тағы да өзгеріс енгізбек
610
оқылды
Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына тағы да өзгеріс енгізбекші. Оның тәртіптері мен ережелері ашық талқыға шығарылған ведомство бұйрығында жазылған. Министрлік ұсынысына сәйкес, енді ұлдарға күнделікті жейде, түймелі немесе тоқылған күрте, кардиган, поло жейде және тенниска киюге болады. Ал қыс мезгілінде трикотаж жилет пен водолазкаға рұқсат етіледі. Қыздарға да осы талап қойылады. Ал қыс мезгілінде оларға трикотаж жилет, водолазкадан бөлек, сарафан кию ұсынылған.
«Бұл уақытқа дейін болған мерекеде ұлдардың күнделікті формаға қосымша ақ жейде, қыздардың ақ түсті блузка киюі туралы норма алынып тасталады. Сонымен қатар, мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес келетін галстук тігу талабы да алынып тасталады» делінген бұйрықта.
Білім басқармалары ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Алайда бұл ретте жекелеген өндірушілерге артықшылық беруге болмайды. Жаңа өзгеріске ата-аналардың өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз екенін айқындайтын редакция енгізілген. Бұйрыққа сәйкес, мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға балалардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері мен мектеп тарапынан жауапты тұлғалар қатысып, шешім қабылдайды. Құжат 15 қарашаға дейін ашық талқылауға шығарылған.