Ақмола облысында ер адам бір кеште екі бірдей қызды зорлап кетті
Ақмола облысында ер адам бір кеште екі бірдей қызды зорлап кетті
© atpress.kz
1,830
оқылды
Ақмола облысында ер адам бір кеште екі қызды зорлап кетті. Қыздар полицияға арыз жазған, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Оқиға Астрахан ауданында жер үйлердің бірінде осы жылы қаңтардың 4 күні болған. Жиналған қыз-жігіттер тойлап, бірге ішімдік ішкен. Отырыс соңы жігіттердің бірі екі қызға бірдей зорлық қылуымен аяқталған. Оған зорлық фактісін растайтын сот-медициналық сараптамалары, жәбірленушілердің алған дене жарақаттары мен деректер дәлел болған. Қыздар келесі күні полицияға өздеріне зорлық қылғаны жөнінде арызданған. Астрахан аудандық полиция бөлімі аталған фактіге сәйкес Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлімінің 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.
«Полиция бөлімінің тергеушісі Ж.Тәкенова тиянақты жұмыс нәтижесінде қылмыстық іс бойынша барлық айғақтарды жинап, сотқа жолдады. Осы жылдың 14 қазанында Атбасар аудандық сотының үкімімен қылмыстық іске күдікті болған Астрахан ауданының 27 жастағы тұрғыны кінәлі деп танылды. Ол 9 жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.