Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов 2022 жылы Иорданияда өтетін Азия чемпионатын жеңіспен бастады.
Турнирдегі алғашқы жекпе-жегін 1/8 финалда 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бибосынов үндістандық Спарш Кумарға қарсы өткізіп, оны төрешілердің шешімімен – 4:1 есебімен жеңді. Айта кету керек, қазақстандық бірінші раундта ұпай кестесінде жеңіліп қалғанымен, кейін жекпе-жектің бағытын өзгерте алды.
Осылайша, Сәкен Бибосынов турнирдің ширек финалына шықты. Еске салайық, ол өз салмағында «алтынға» басты үміткер.