МӘМС есебінен миға ота жасауға болады
МӘМС есебінен миға ота жасауға болады
626
оқылды
Енді Абай облысының тұрғындары МӘМС есебінен ми тамырларын қалпына келтіру бойынша жоғары технологиялық ота жасата алады. Семей қаласында жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесінде ишемиялық инсульт кезінде ми тамырларына экстра-интракраниальды микроанастомоздың реконструктивті ота жасау жүргізіле бастады. Қазіргі уақытта екі операция жасалды. Мамандар мұндай ота жоғары техно­логия­лық медициналық көмек санатына жата­тынын және МӘМС шеңберінде жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде көрсетіле­тінін атап өтті. Сондықтан науқас адам медициналық қызметтердің барлық түрін алуы үшін МӘМС жүйесінде сақтандырыл­ған болуы қажет. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өңір тұрғындарына МӘМС жүйесінде төлемнің жаңа балама әдісін пайдалануды ұсынады. 5 қыркүйектен бастап тұрғындар алдын-ала бір жылға сақтандырыла алады. Ал оған дейінгі 12 айдағы қарызды өтеудің қажеті жоқ.

А.ҚАЗАҚ