Twitter әлеуметтік желісінің жаңа иесі миллиардер Илон Маск компанияда жұмысшыларды жаппай қысқарту басталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы. Twitter компаниясының басшылығы қызметкерлерге қысқарту болатыны туралы ресми хабарламамен электронды хаттар жіберген. Шетелдік БАҚ сілтеме жасаған хабарлама мәтініне сәйкес, АҚШ-та жұмысшыларды қысқарту 4 қарашада жергілікті уақыт бойынша жұмыс күнінің басында басталды. Қызметкерлер Twitter-де жұмыс істеуді жалғастыра ма, жоқ па көрсетілген электронды хаттар алған. Сонымен қата олардан кеңселерге келмеу сұралған, өйткені олар уақытша жабылады, ал жұмыс талондары уақытша тоқтатылған. Хатты оқымай кеңсеге келгендер қайтарылады, компания демалыс жариялаған.
"Бұл Twitter-ге құнды үлес қосқан бірқатар адамға әсер ететінін түсінеміз, бірақ өкінішке қарай, бұл әрекет компанияның болашақтағы табысын қамтамасыз ету үшін қажет", - делінген электронды поштаға келген хаттарда.Сонымен қатар қызметкерлерге әлеуметтік желіде немесе баспасөзде "компания туралы құпия ақпаратты" жарияламау ескертілген.
Here's the first official communication from Twitter's new leadership to its staff, a week after Musk took over: a fun game where you get to find out if you're laid off or not based by 9am tomorrow, based on whether the email pops up in your Twitter account or personal account. pic.twitter.com/tpJsAkiaHp
— Will Oremus (@WillOremus) November 4, 2022