Алматыда екі автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты
Жантүршігерлік жол апаты қаладағы Төле би мен Абылай хан көшесі қиылысында болды.
Абылай хан даңғылы бойымен келе жатқан №98 бағыттағы автобус Төле би көшесімен келе жатқан №201 бағыттағы автобустың бүйірінен соққан. Куәгерлердің айтуынша, №98 бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтпек болған.
Салдарынан бір адам қаза тапты. Марқұм ер адам №201 бағыттағы автобустың астында қалып қойған. Оның денесін шығарып алу үшін құтқарушылар шамамен жарты сағаттай айналысты.
[caption id="attachment_226226" align="alignnone" width="1280"] © Павел Михеев[/caption]
Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, екі автобустан шамамен 70-ке тарта жолаушы түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаларға жөнелтілген. Соққының қаты болғандығы соншалық, екі қоғамдық көлік те жол шетіндегі саябаққа кіріп кеткен.