Қымбатшылық қысқан заман-ай!
Қымбатшылық қысқан заман-ай!
638
оқылды
Жыл басталмай жатып елімізде азық-түлік бағасының артқаны байқалды. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар деген тауарлар қымбаттаған.  width= Мысалы, биылғы жылдың алғашқы аптасында қарақұмық 1 пайызға, жұмыртқа 0,7 пайызға өскен. Дәл осылай май, ірімшік, пияз, картоп және сәбіздің де бағасы  да өскен.  width= Елімізде жалақы қосылып, зейнета­қы өссе, азық-түлік бағасы да қымбаттап кететіні бәріне белгілі. Бірақ  еліміздің аумағында шығатын тағамдардың бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында 2010 жылы Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар­ларының тізбегін бекіткен.  width= Бұл тізімге: ұн, нан, макарон, қарақұмық, күріш, кар­топ, сәбіз, пияз, қы­рық­қа­бат, қант, күнбағыс майы, сиыр еті, та­уық еті, пас­терленген сүт, айран, жұмсақ қап­тамада, сары май, тауық жұ­­мырт­қасы, аc тұзы, сүзбе кірген.  width= Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облы­сына барған сапарынан кейін Премьер-Министр Асқар Мамин­нің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында азық-түлік бағасы­ның өсу мәселесі тағы да қаралды. Үкімет басшысы жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағалар барлық өңірде 15%-дан астам өскенін атап өтті.  width= Қарақұмық жармасы – 62,9%, күріш – 32,3%, ұн 27,8%-ға өсіп, бәрінен қым­бат­тағаны байқалса, өңірлер тұрғы­сынан бағаның ең көп өсуі Шым­кент пен Қызылорда, Түркістан, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Ақ­төбе және Таразда тіркелген.  width= Жалпы республика бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арасында пияз – 79 пайызға, сәбіз – 59,3 па­­йызға, картоп – 32,9 пайызға, кү­ріш – 23,8 пайызға және бірінші сұрыпты ұн 15,3 пайызға өскені ай­тылды.  width= Ұлттық экономика ми­нистрінің сөзінше, инфляцияны берілген дәлізде ұстап қалу үшін 10 тауарды анықтаған. Олар – пияз, сәбіз, картоп, қызылша, күріш, ұн, жылқы еті, қой еті, сиыр еті және нан.  width= Тауарлардың осы тобы бо­йын­ша күшейтілген бақылау жүр­гізу, сондай-ақ олар­дың бағаларын төмендету бо­йы­н­ша шаралар қа­былдау ұсынылды.  width= Басында он тоғыз болып бекітіл­ген тізім саны онға дейін түсіп,  қара­құ­мық, қырыққабат, қант, күнбағыс ма­йы, тауық еті, сүт, айран, сары май, тауық жұ­мыртқасы, тұз, сүз­бенің неге түсіп қалғаны белгісіз. Бұл тағамдар әлеуметтік азық-түлік есебінде қалғаны дұрыс-ау...

Суретті түсірген Айтжан Мұрзанов