Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында Абай облысында өткен Құсбегіліктен І Әлем чемпионатының салтанатты түрде жабылуы болды.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков арнайы қатысып, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді. Үржар ауданында ұйымдастырылған мән-мағынасы ерекше шараға 6 шет мемлекеттен және ұлан-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге тарта құсбегі қатысып, бақ сынады.
Бүркіт жарысы бойынша жүлделі 1-орынға Серікболсын Жалғасұлы (Жамбыл облысы), 2-орынға Өмірбек Нұман (Абай облысы), 3-орынға Өркен Бәйтілкәріпұлы (Моңғолия) мен Байрақ Тастанбек (Астана қаласы) қол жеткізді.
Қаршыға жарысы бойынша жүлделі 1-орын Бексұлтан Сейтжанға, (Алматы облысы), 2-орын Ерасыл Серікбекке (Астана қаласы), 3-орын Салават Айтбекұлы (Қырғызстан) мен Айшуақ Таймановқа (Маңғыстау облысы) бұйырды.
Ителгі жарысы бойынша 1-орынды Таңат Оспанқұлов (Қарағанды облысы), 2-орынды Ерлан Сандыбай (Түркістан облысы), 3-орынды Мұрат Налват (Түркия) пен Бағдат Кеуенов (Түркістан облысы) иеленді.
Тазы жарысы бойынша 1-орынға Аманбек Дүкенов (Абай облысы), 2-орынға Жандос Озатов (Абай облысы), 3-орынға Аманбек Дүкенов лайық деп танылды.
Жүлдегерлер арнайы дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.