«Пойыз тәулігіне бір рет жүреді. Жылжымалы құрам Алматы-1 стансасынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай стансасына сағат 08:35-те келеді. Ал Қапшағай стансасынан сағат 19:15-те аттанып, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де жетеді. Пойыз құрамында 175 орыннан тұратын 3 вагон бар», – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.Бұған дейін Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев пойыз тоқтайтын платформаны жөндеу, абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын екенін айтқан болатын. Еске салайық, 19 қазанда Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы электр пойызын қайта іске қосуды тапсырған еді.
Б.ИКРАМОВА