Онлайн қызмет қанат жаюда
Онлайн қызмет қанат жаюда
505
оқылды
Қазақстан онлайн қыз­мет бойынша БҰҰ рей­­тингінде 8-орында тұр. Бұл ту­ралы Цифрлық да­му, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі ми­нис­трі Бағдат Мусин мә­лім­деді.
«Басшылардың, жұмыс­кер­лердің, бағдарламашылардың, ақпараттық қауіпсіздік сала­сын­дағы мамандардың кейінгі жыл­дағы тиянақты жұмысының арқа­сында Қазақстан БҰҰ ретингінде Электронды үкіметті дамыту индексі бойынша биыл 28-орынға шықты. Былтыр 29-орында едік. Биыл сол динамиканы сақтай отырып, 28-орынға көтерілдік. Ал онлайн қызметтер субиндексі бойынша әлемде 193 мемлекеттің арасында 8-орында тұрмыз. Яғни, біз электронды қалыптағы қыз­меттердің көрсеткіші бойынша әлемнің үздік ондығына кіре­міз», – деді ол Цифрландыру және ақ­параттық технологиялар қыз­мет­керлері күніне арналған салта­натты шарада.
Сондай-ақ ол Қазақстан та­ри­хында цифрландырудың жаңа дәуірі туғанын атап өтті.
«Бұл жұмысқа бәрінің қатысы бар. Тіпті, қазір бизнесте жүрген сала мамандарының да үлесі бар. Банк саласы мен қаржылық тех­но­логия құралдары арқылы жеке сектордағы цифрлық платфор­ма­лармен үндестікте дамудың тың бағытын тапқаннан бері, қол­да­ғы BigData-да жұмыс істеу мүм­кін­дігін ашқан кезден бастап бізде дамудың жаңа дәуірі басталды деп ойлаймын», – деді Бағдат Мусин.