Алыстағы ауылдың мәселесі – Nur Otan-ның назарында
Алыстағы ауылдың мәселесі – Nur Otan-ның назарында
358
оқылды
Nur Otan партиясы Төра­ға­сының Бірінші орын­ба­сары Бауыржан Байбек Пав­лодар облысына жұмыс са­пары ая­сында Екібастұз қала­сын­дағы өзекті мәселе­лер­мен танысты. Алдымен өңір әкімімен бірге 138 бала тәрбиеленіп жатқан «Алтынай» балалар үйіне барды. Соңғы рет мұнда күрделі жөндеу жұмыстары осыдан 10 жыл бұрын жасалған екен. Ғимараттың ша­тыры, қасбеті және жылу жүйесі апатты жағдайда тұр. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары ата-аналармен кез­десу кезінде балаларды қолдау, олардың құқығын қорғау Nur Otan партиясының негізгі жұ­мыс­тарының бірі екенін айтып, осы мәселені шешу үшін барлық іс-шаралардың қабылданатынын тілге тиек етті. Сол күні Бауыржан Байбек Екібастұздағы Nur Otan пар­тиясының қоғамдық қабыл­да­уында болып, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады. Өз ке­зегінде құдық суын пайдаланып жүр­ген Сарықамыс ауылының 450 тұрғыны ауызсу мәселесін пар­тиялық бақылауға алу ту­ралы талап-тілегін жеткізді. Жер­­гілікті биліктің ақпараты бойын­­ша, орталықтандырылған сумен қам­тамасыз етуді жүргізу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ партия Төраға­сы­ның Бірінші орынбасары әлеу­меттік және еңбек құқығы сала­сындағы заңнаманы жетіл­діру жөніндегі мәселелер мен ұсы­ныстарды тал­­қылау үшін Екі­бастұздағы ГРЭС – 1 жұмысшы­лары және өңірдегі тау-кен өндірісі кәсіп­одақ­тарының өкілдерімен жүздесті. Сапар барысында Бауыржан Байбек Павлодар қаласының тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді. Зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірге экология, еңбек миграциясы, сыбайлас жемқорлық, т.б. сала­лардағы өңірдің өзекті мәселелері талқыланды. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары барлық мәселе партия бақылауында бола­тынын айтты. Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясының бірнеше айдан бері Үкіметпен және өңір филиалдарымен бір­лесіп, алдағы 5 жылға арналған аудандар, қалалар мен облыс­тарды дамытудың жаңа бағдар­ламасын дайындау үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Онда әрбір жеке аудандағы жергілікті ерекшеліктер ескеріліп, азамат­тардың нақты қажеттілігі көрініс табады. Осы мақсатта Nur Otan партиясының басшылығы елі­міздің барлық өңірлерін аралап шығуды жоспарлап отыр. Павлодар облысына іссапар кезінде Бауыржан Байбек жылусыз қалған 16 көппәтерлі үйдің 800-ге жуық тұрғыны қоныстанған Новочерноярка ауылына барды. Өңір басшылығының айтуынша, биыл ауылда бес әлеуметтік ны­санды да, жақын жердегі мектеп, балабақша мен емхананы да жы­лумен қамтамасыз ететін қазандық салынады екен. Бауыржан Байбек «Екінші Павлодар» ықшамауданының тұрғындарымен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Бұл ай­мақта жыл сайын жеке үй­лерді ері­­ген және жерасты суы дең­гейінің көтерілуінен су басу проб­лемасы шешілмей келеді. Кез­десуде сонымен бірге тариф­тің айқындығына, жергілікті моно­полист «Павлодар – Су құбыры» ЖШС суды есептеу құбыры ба­ғасына байланысты да шағымдар айтылды. Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары жақын уақытта партия алаңында барлық мүдделі органдарды қатыс­тыру арқылы ашық тыңдау өткізу туралы тапсырма берді.   Әбілмансұр ЖАСАН