Астанадағы жайлы мектептер
Астанадағы жайлы мектептер
677
оқылды
2025 жылға дейін елордада 90 мың орындық жайлы мектеп тұрғызылады. Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үшауысымды және бала саны шамадан тыс мектептер мәселесін шешу мақсатында биыл 22 752 орындық 11 мектеп пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 2 мектеп 1 қыркүйекте пайда­лану­ға берілді, қалған 9 мектеп осы оқу жылында қолданысқа беріледі. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлт­тық, пилоттық жобасы аясын­да 2026 жылға дейін елорда мек­теп­терінде орын тапшылығы мә­­селе­сін шешу міндеті тұр. Жал­пы, «Жайлы мектеп» жобасын іске асырудың үш тетігі бар. Ал­ды­мен бюджет қаржы есебінен, екінші мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы және дайын ғимараттарды сатып алу. Елордада «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 90 мың орындық 20 мектеп салу көзделіп отыр», – деді Қасымхан Сенғазиев қалалық мәслихаттың отырысында.
Басқарма басшысының ай­туынша, жайлы мектептерді салу 2023 жылы басталады.

М.ХАҚНАЗАР