Жаңалықтар Әлеумет Ақтауда 302 келі бекіре тұқымдас балық аулаған әйел ұсталды Ақтауда 302 келі бекіре тұқымдас балық аулаған әйел ұсталды ПД-нен алынды Нұрбек БАҚЫТ 17/11/2022 03:48 3,813 оқылды Маңғыстау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, көлік ішінен заңсыз ауланған балық табылды. «16 қараша күні сағат 16.30 шамасында Ақтауда 26-шағынауданда Lexus маркалы автокөлік тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында 76 дана бекіре тұқымдас балық табылды. Жалпы салмағы – 302 келі», – делінген ресми мәліметте. Балықты заңсыз аулаған 32 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматшаға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Мәжіліс депутаты "Біз балық шаруашылығын тек қана қағаз жүзінде дамытып жатырмыз" деген еді.