Жуырда ғана Мемлекет басшысы қол қайған Қаңтар оқиғасына қатысты сотталғандарға «Рақымшылық жариялау туралы» заңына байланысты қазір бас бостандығынан айыру орындары мен пробация қызметінің бақылауына алынған сотталғандардың ісі қайта қаралуда.
Алматы қаласы Бостандық аудандық пробация қызметінің бақылауында да Қаңтар оқиғасына қатысты қылмыс жасағаны үшін 9 сотталған есепте тұрады. Олар соттың шешімі бойынша ауыр қылмыс жасағандар деп танылғандар.
«Пробация бақылауында тұрғандардың арасында екі адам «Магнум» және «Сулпак» сауда үйлерін тонауға қатысқан. Тіптен осындай қылмыс жасағандардың арасында кәмелетке толмаған бір бала да бар. Жоғарыда аталған заң талаптарына сәйкес, Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыс жасаған 9 сотталғанның да жаза өтеу мерзімі қысқартылуға жатады. Қазір олардың ісі Бостандық аудандық сотына жолдануда», - дейді Бостандық аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет майоры Айнұр Айкенова.
Жақында Алматы қалалық прокуратура өкілдері пробация қызметкерлері мен Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыс жасаған сотталғандармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында прокуратура мамандары «Рақымшылық жасау туралы» заңның талаптары мен кімдерге рақымшылық жасалатынын түсіндірді.