Ақмола облысында әйел танысының мұрнын тістеп, жұлып алды
Ақмола облысында әйел танысының мұрнын тістеп, жұлып алды
© twitter.com
1,099
оқылды
Ақмола облысында Астрахан ауданында жанжал кезінде әйел адам танысының мұрнын тістеп, жұлып алған. Зардап шегуші енді пластикалық ота жасатуға мәжбүр, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Оқиға 15 қараша күні Астрахан ауданында болған. Аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел   жүгінген. Оның айтуынша, таныс келіншек оның тұмсығын тістеп, қан-жоса еткен.
«Тәртіп сақшылары әйелдер арасында жанжал шығып, арты бір-біріне жұдырық ала жүгірумен тынған. Зардап шегушінің бетінен бірнеше жерден жарақат алған», - дейді Ақмола облысы Полиция департаменті  баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Полиция бөлімі аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы  1-тармағы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Қылмыстық іс қозғауға сот-медициналық сараптамаларының қорытындысы мен жәбірленушінің мұрны  басының жұлынуы, бетіне жарақат алынуы негіз болған. Сараптама нәтижесі жәбірленушінің бет-әлпеті  қалпына келмейтін етіп бұзылғанын және хирургиялық әрекет қажеттігін көрсеткен.