Желіде зейнеткердің ер адамға балтамен шабуыл жасаған видеосы тарады

Желіде зейнеткердің ер адамға балтамен шабуыл жасаған видеосы тарады

Желіде зейнеткердің ер адамға балтамен шабуыл жасаған видеосы пайда болды. 63 жастағы Талғар ауданының тұрғыны белгісіз адамды құрылыс материалдарын ұрлап жатқан кезде ұстап алған, – деп хабарлайды Inform.kz. Видео авторы оқиға 16 қарашада Талғар ауданы Ақдала ауылында болғанын хабарлады. Алматы облыстық полиция департаменті атап өткендей, 16 қараша кешкісін Талғар аудандық полициясының кезекші бөліміне 63 жастағы жергілікті тұрғын шағым түсірген. Зейнеткер құрылыс материалдарын ұрлап жатқанда ұстап алған белгісіз адамға шара қолдануды талап еткен. «Оқиға орнына жеткен патрульдік қызмет қызметкерлері 46 жастағы ер адамды ұстап, аудандық полицияға жеткізді және тергеді. Факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. ҚР ҚК 187-бабы бойынша тергеу басталды», – деді өңірлік ПД баспасөз қызметінен.