Жаңа байланыс операторы шығады
Жаңа байланыс операторы шығады
438
оқылды
Қазір еліміздің ұялы байланыс нарығында үш оператор – Kcell, Tele2, Beeline жұмыс істейді. Төртінші ұялы байланыс операторы Қазақстанда осы жылдың соңына дейін пайда болуы мүмкін. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпараты бойынша жыл со­ңы­на дейін радиожиілік спектрін тарату бойынша аукцион өткізу жоспарланып отыр.Оған барлық ниет білдірген ком­паниялар қатыса алады.
– Алдағы аукционға қатысу туралы ше­шім ұялы байланыс нарығының бел­сенді қатысушыларының өздеріне бай­ланысты, – деп нақтылады агенттік.
Естеріңізге сала кетейік, қазір радио­жиілік спектріндегі аукциондар өткізіл­мейді. Нәтижесінде, агенттіктің мәлі­метінше, компания ұялы байланыс операторы мәртебесінсіз жиіліктерді сатып ала алмайды, ал бұл жағдай жиілік­тердің болмауына байланысты. Аукцион осы келеңсіздікті реттеуі тиіс. Төртінші оператор рөліне ең ықтимал кандидаттардың арасында «Транс­теле­ком» операторы бар.

К.ЕСІМХАН