Ақтауда ресейлік көлікті «тіркеп беремін» деген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.Polisia.kz-тің мәліметінше, былтыр наурыз айында алаяқ жәбірленушіден ақша алған. Toyota Ipsum автокөлігін Ресей есебінен шығарып, Қазақстанда тіркеп беремін деп уәде берген. Шығын көлемі – 1,4 миллион теңге.
Полиция 32 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
Аталмыш дерек СДТБТ-да ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін рулі оң жақта орналасқан көліктер заңдастырылмайтынын хабарлаған болатынбыз.