Индира Рыстина: Халық болмаса, адам болмаса мемлекет жоқ болады
Индира Рыстина: Халық болмаса, адам болмаса мемлекет жоқ болады
Фото: KazPressClub
3,251
оқылды
Саясаттанушы Индира Рыстина бүгінгі сайлауға қатысып, өз таңдауын жасаған.  Оның айтуынша, әлемде азаматтар жеке-дара өмір сүре алмайды екен. – Мемлекет пен адамның қарым-қатынасына келетін болсақ, әлемде кеңінен таралған бір формула бар. Бұл – қоғамдық келісім. Яғни, азаматтар жеке-дара әлемде өмір сүре алмайды. Олардың қауіпсіздігіне, материалдық жағдайына қатты әсер етеді. Бүгінде азаматтығы жоқ адамды елестету мүмкін емес. Сондықтан да азаматтар келісе отырып, өзінің бір құқықтарын шектеп, қоғамдық келісімге келу арқылы мемлекет құрады. Мысалы, өздерінің қандай да бір еркіндігін не болмаса жүріс-тұрысындағы шектеулерді қауіпсіздік үшін мемлекетті кепілге  беріп, сол арқылы мемлекет болады. Сондықтан   халық та өзін мемлекеттің халқы ретінде сезінуі керек. Мемлекеттің дамуына біз қаншалықты атсалыса аламыз деген сұраққа жауап беруі керек. Бірақ мемлекет те халықты өзінің негізін қалаушы ретінде сезінуі керек. Халық болмаса, адам болмаса мемлекет жоқ болады. Сонымен қатар  мемлекет болмаса адамзаттың единтификациясы да болмайды.  Қазір бізде азаматтық қоғам қалыптасу үстінде және бүгінгі жағдайлар оның әрі қарай дамуына үлкен мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, ауыл халқы өз әкімін өзі сайлайтын жағдайға жетті. Бұл дегеніміз – азаматтық қоғамның жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп жатқаны. Өз таңдауымызды өзіміз жасайтын жағдайға жеттік. Бұл – жақсылықтың нысаны.