90 жастағы қария сайлау учаскесіне өзі келіп, дауыс берді
90 жастағы қария сайлау учаскесіне өзі келіп, дауыс берді
591
оқылды
Қарағанды облысына қарайтын  Балқаш қаласының қарт тұрғындары да дауыс беруде. 90-нан асып, 100-ге келген қарттар үйде дауыс беру мүмкіндігіне ие. Бұл туралы «Орталық Қазақстан» газетінің Балқаштағы тілшісі Нұрдос Кәрім хабарлады. Әйтсе де сайлау учаскесіне арнайы келіп, бюллетеньді өзі толтырып, жәшікке салғандары да болды. Балқаш қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде орналасқан №195 сайлау учаскесіне 90 жастағы қария Қарпық Алдабергенов дауыс берді. Қария ел үшін маңызды саяси науқандарда үнемі өз таңдауын үзбей жасап келген. Ақсақал халықты сайлау науқанымен құттықтап, батасын берді. Комиссия мүшелері мұнда сайлауға келуші тұрғындардың көп екенін атап өтті. Әсіресе, сайлаудың алғашқы сағаттарында қариялар да, жастар да саяси науқанға белсенді түрде атсалысқан. Айта кеткен жөн, дауыс берушілердің дені қарттар. Олардың 40 пайызы өз сайлау учаскелеріне арнайы келіп, таңдау жасады.