"Жастар" театрының директоры, актер Әділ Ахметов сайлауға қатысып, өз үміткеріне дауыс берді.
Актер дауыс беру үшін Астанадағы №372 учаскеге барған. Айтуынша, Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлауда халықтың қарасы көп болған. Онымен бірге Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров те отбасымен сол учаскеге келген.
– "Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекеттің тыныштығы мен балалардың болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Ел болашағы – біздің қолымызда. Әрбір дауыс өзіндік үлкен маңызға ие", – дейді Әділ Ахметов.
Ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров "Ет жүрегі ел деп соққан әрбір азамат бүгінгі күні біздің ұлан-ғайыр Қазақстанымызда үйде жатпауы керек. Міндетті түрде дауыс беруі керек! Себебі, президент сайлауы – біздің конституциямыздың кепілі», – дейді.