ЕҚЫҰ реформаларды жалғастыруға шақырады
ЕҚЫҰ реформаларды жалғастыруға шақырады
723
оқылды
Халықаралық бақылаушылар Қазақстанды жүргізіп жатқан реформаларын, соның ішінде сайлауға және оны жүзеге асыруға қатысты заңдар бойынша реформаларын одан әрі жалғастыра беруге шақырып отыр. Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Сайлау­ды бақылау жөніндегі миссиясы (СБМ) кеше алдын ала нәтижелер мен тұжырымдар туралы мәлімдеме жасады. Бұл мәлімдеме халықаралық ұйым­­ның Қазақстан Республи­ка­сы Президентінің кезектен тыс сай­лауы ЕҚЫҰ міндеттемелеріне, ха­лықаралық міндеттемелерге жә­не демократиялық сайлау стан­дарт­тарына, сондай-ақ ұлттық заңнамаға қаншалықты сәйкес ке­­летініне берген алдын ала ба­ғасы болып отыр. Ал түпкілікті ба­­ға­лау сайлау процесінің қалған ке­­зеңдерін өткізуге, соның ішінде дауыс­тарды санауға, қоры­тын­ды­лауға және нәтижелерді жария­лау­ға, сондай-ақ сайлау күнінен кейін­гі ықтимал шағымдарды не­­­­месе өтініштерді қарауға байла­нысты кейін тағы да шығарылмақ. Одан соң ДИАҚБ сайлау процесі аяқ­талғаннан бірнеше айдан кейін ықтимал жақсартулар бойын­ша ұсыныстарды қамтитын ке­шенді қорытынды есебін жария­лайтын бо­лады. Жалпы, 17 қа­заннан бас­тап жұмысын бас­таған СБМ Аста­нада орналасқан 11 халықаралық сарапшыдан жә­не бүкіл ел бойынша орналас­ты­рыл­ған 30 ұзақ­мер­зімді байқау­шы­дан тұрады. Сон­дай-ақ сайлау күні 35 елден кел­ген 299 байқаушы мис­сияға жұ­мылдырылды. Олар бүкіл ел бойын­ша 127 сайлау учас­кесінің ашылуына және 1131 сай­лау учас­кесінің дауыс беруін ба­қылауға қа­тысты. СБМ байқау­шы­лары осы 1131 бақылаудың 95 пайызын оң бағалап отыр.
«Дауыс беру процедуралары негізінен орындалды. Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) заңмен бел­гіленген мерзімдерге сәйкес сайлауға дайындықты тиімді бас­қарды. ОСК тікелей эфирде ашық отырыстар өткізді және ше­шім­дерін қабылданған күні жария­лады. Төмен тұрған комиссиялар үшін ұйымдастырылған сабақ­тар­ға оң баға береміз. Комиссия мү­шелері тәжірибелі, жақсы жаб­дықталған. ОСК сайлаушыларды қа­зақ және орыс тілдерінде ақ­парат­тандыру бойынша жал­пыұлт­тық кешенді және инклю­зив­ті науқан өткізді. Әртүрлі са­нат­тағы мүгедектігі бар адамдар­дың қолжетімділігін жеңілдететін бірқатар шараны көпшілік құп­тады. Шамамен 11,9 миллион сай­лау­шы тіркелді. Сайлаушылардың ті­зімдері көпшіліктің назарына ұсы­нылды. Конституция мен Сай­лау туралы заң, сондай-ақ сай­­лауға қатысты басқа да заңдар соң­­ғы жылдары бірқатар өзгеріс­ке ұшырады. Онда мүгедектігі бар адамдардың сайлауға қатысуына қа­тысты елеулі техникалық өз­ге­ріс­тер, сайлау өткізу және әкім­ші­­лік сот ісін жүргізу жөніндегі ор­гандардың дауларды шешуінің рә­­сімдік негіздері көрініс тап­қан», – деді ДИАҚБ СБМ жетек­ші­сі Урсула Гацек өз мәлімде­ме­сінде.
Оның айтуынша, жалпы сай­лау күні тыныш өткен. Дауыс беру тиімді ұйымдастырылып, проце­дура­лар жалпылама алғанда орын­далған. ОСК аймақтық ком­мерциялық емес ұйымдардың өкіл­дерімен ынтымақтастықта мү­гедектігі бар тұлғалардың сай­лау процесіне қатысуы мен қол­жетімділігін кеңейту бойынша бірқатар бастама қабылдаған. ОСК отырыстарының тікелей эфи­рі және сайлаушыларға ар­нал­ған ақпараттық бейнероликтер сурдоаудармамен көрсетілген. Төмен тұрған комиссиялар үшін арнайы сессиялар мен семинарлар өткізіліп, сайлау күні мүмкіндігі шек­теулі азаматтарға қалай тиімді кө­мектесу керектігі туралы учас­ке­лік сайлау комиссиялары мүше­леріне егжей-тегжейлі ұсыныстар дайындалған. Сондай-ақ қимыл-қозғалысы шектеулі сайлау­шы­лар­дың сайлау учаскелеріне ке­дергісіз кіруі және нашар көретін сай­лаушылар үшін Брайль блан­кі­лерін ұсыну көзделген. «Бақылаумен қамтылған бар­лық бұқаралық ақпарат құралдары жаңалықтарда сайлау науқанын тең қамту туралы заңнамалық ере­желерді сақтады, бірақ анали­тикалық бағдарламаларда науқан­ды жария етуден тартынды. ОСК ұйымдастырған бір теледебатты қос­пағанда, бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың сайлау науқаны тек саяси ақылы жарнама арқылы жүргізілді. Жаңа­лықтар бағдарламасында сай­лау науқанының айтарлықтай шек­теулі жария етілуі және кан­дидаттар мен олардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы плат­фор­маларын сыни талдаудың бол­мауы сайлаушылардың саналы таң­дау жасау мүмкіндігін тарылт­ты.
Сайлауға қатысты тиісті заң­на­маны құру және оны шынайы плюрализмді қамтамасыз ету жө­ніндегі ЕҚЫҰ міндеттеме­лері­не сәйкес іске асыру үшін одан әрі реформалар қажет. СБМ Қазақ­стан Республикасының билігіне сай­лауды бақылауға шақырғаны үшін, сондай-ақ Орталық сайлау ко­миссиясы мен Сыртқы істер министрлігіне көмек көрсеткені үшін алғыс айтады. Сондай-ақ бас­қа мемлекеттік мекемелерге, сая­си партияларға, бұқаралық ақ­­парат құралдарына және аза­мат­тық қоғам ұйымдарына, сон­дай-ақ халықаралық қауымдастық өкілдеріне ынтымақтастықтары үшін ризашылықтарын білдіре-ді», – деді Урсула Гацек.
Халықаралық сарапшы кейбір кем­шілікті тұстарға қатысты же­тілдіре түсу туралы ұсыныстарын да айтып өтті. ДИАҚБ-ның бұған дейінгі берген ұсынымдары на­зардан тыс қалғанын атап өт­кен ол алдағы Парламент сай­лауында мәлімдемеде көрсетілген мәсе­ле­лерді шешуге мүмкіндік бар еке­нін жеткізді.