Алматы-Кеген-ТЮП автожолының 2-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты.
23 қарашада сағат 15.00 шамасында Toyota автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Mitsubishi автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан оқиға орнында Toyota жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы көз жұмды. Сондай-ақ Mitsubishi автокөлігінде болған 4 адам Есік кентінің ауруханасына жеткізілді.
Аталған дерек бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген ҚР ІІМ хабарламасында.