Ақмола облысында 2 мыңнан астам адам қаржы пирамидасына алданды
Ақмола облысында 2 мыңнан астам адам қаржы пирамидасына алданды
© egemen.kz
451
оқылды
Ақмолада екі мынан астам адам қаржы пирамидасының құрбанына айналды. Олар алаяққа алданып ақшасын желілік маркетингке салып жіберген. Бұл туралы Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді , деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Алданғандардың бәрі ұзақ уақыт бойы желілік маркетингте жұмыс істеген Г.Оралбаеваның сөзіне сеніп, қомақты қаражатынан айырылып тынған. Ол қаржы пирамидасы жүйесімен пайда табу мақсатында компания құрғаны анықталды. Г.Оралбаеваның «River Coins Limited» қаржы пирамидасын құрып заңға қайшы адамдардың қаржысын алаяқтықпен алуының салдарынан 2 мыңнан астам ақмолалық қаржы пирамидасының қармағына түскен. Азаматтарға келтірілген шығын сомасы 18 миллион теңгеден асып жығылған. Сот барысында Г.Оралбаева жасалған қылмысқа кінәлі деп танылып оған бес жыл шартты түрде бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.