Экология өзекті боп тұр
Экология өзекті боп тұр
700
оқылды
«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан об­лысы бойынша департаменті өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуе­кел­дерінің картасына енген экологиялық мәселе бойынша отырыс өткізді. Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қа­зақстан облысы бойынша депар­та­мен­тінің басшылығы, «AMANAT» пар­тия­сының облыстық филиалының өкіл­дері, облыстық және қалалық мәс­ли­хат депутаттары, ШҚО бойынша эко­логия департаментінің басшысы қа­тысты.
«Экология саласындағы сыбайлас жем­қорлық тәуекелдеріне жүргізілген тал­дау біздің өңір үшін өте өзекті, өйт­кені Шығыс Қазақстанның ондаған жыл­дар бойы тұрақты қолайсыз эколо­гия­лық жағдайы денсаулыққа нақты қауіп төндіреді. Осыған байланысты, экология және жалпы экологиялық сала департаментінің лауазымды тұлға­ларының қызметіндегі сыбайлас жем­-қ­орлық тәуекелдерін анықтау үшін екі тоқ­санда Экологиялық реттеу және ба­қылау комитетімен бірлесіп, бүгін тал­қыланып отырған сыбайлас жем­қор­лық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Эко­логиялық реттеу комитеті басшы­лы­ғының тиісті қолдауымен сыбайлас жем­қорлық тәуекелдерін бірлесіп тал­дау нәтижелері бойынша енгізілген ұсы­нымдар толық көлемде және қысқа мер­зімде орындалатынына және Шы­ғыс Қазақстандағы экологиялық жағ­дай­ды жақсарту бойынша пәрменді ша­ралар қабылданатынына сенімдіміз», – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойын­ша Департаментінің превенция басқар­ма­сының басшысы Архат Бейсембаев.
Естеріңізге салар болсақ, «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық фи­лиалы жанындағы өңірлік эко­ло­гиялық кеңесте Өскемен қаласының эко­­логиялық ахуалы үнемі көтеріліп са­рап­­шылардың қатысуымен эко­ло­гия­ны жақсартуға қатысты ұсыныстар тиісті салаларға жолдануда.