Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды, – деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында.
«Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды», – делінген хабарламада.