Есқалиев төрағалықтан босатылды
Есқалиев төрағалықтан босатылды
509
оқылды
Батыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Олар – «AMANAT» партиясы Батыс Қа­зақ­­стан облыстық филиалының атқарған жұ­мысы және алдағы міндеттері туралы, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан об­лыстық филиалының төрағасын лауа­зы­­мынан босату туралы және «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесіне өзгерістер енгізу туралы. Отырыста сөз алған Мұрат Рахметұлы «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан об­лыстық филиалының атқарған жұ­мы­сы және алдағы міндеттері туралы қыс­қа­ша баяндап өтті. Облыстық партия фи­лиалының атқарушы хатшысының ай­туынша, 10 айда бірқатар жұмыс ат­қарылған. Оның ішінде партиялық ба­қы­лау, қоғамдық қабылдау бөлмесі ту­ра­лы да айтып өтті. Содан кейін ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «AMANAT» пар­тиясы барлық деңгейдегі филиалдары­ның төрағаларын лауазымынан босату ту­ралы тапсырмасына сәйкес, облыс әкі­мі төра­ғалық лауазымынан боса­тыл­ды. Бірақ Ғали Нәжімеденұлы, жиынға қатысу­шы­ларға өзінің партия мүшесі болып қала­тынын жеткізді. Қорытынды қаралған сұрақ «AMANAT» партиясы Батыс Қазақ­стан облыстық филиалының Саяси кеңе­сіне өзгерістер енгізу туралы болды. Жиынға қатысушылар конференция соңы­нда облыс әкімі Ғали Есқалиевке бір­лесе атқарған жұмыс үшін алғыстарын біл­діріп, естелік фотосуретке түсті.