Шығыста ауа райының қолайсыздығы жол қозғалысына кедергі келтірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
40 жолаушысы бар автобус Тарбағатай ауданы Ақжар ауылынан шыққан көлік боран салдарынан орта жолда қалды.
«Полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері жолда қалған барлық жолаушыны эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекенге орналастырды. Зардап шеккендер жоқ» делінген ресми хабарламада.