«Қазгидромет» 29, 30 қараша мен 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, 29-30 қарашада еліміздің шығыс аймақтарында солтүстік антициклон әсерінен аяз болады. Қазақстанның қалған аумағында күн күрт суытады.
30 қараша мен 1 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклон әсерінен жауын-шашын болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауып, қатты аяз күтіледі.
Республика бойынша оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейіп, тұман, көктайғақ болса, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын соғады.
Ауа температурасы түнде республиканың батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста 10-28 градус аяз, солтүстік облыстарда 15-25 градус аяз, орталықта 15-25 градус аяз болады.
Республиканың шығысында 33-43 градус аяз, кезеңнің соңында 20-30 градус аяз, оңтүстігінде 7 градус аяз, оңтүстік-шығыста 5-15 аяздан 0-8 градус аяз болады.