Қыста жылусыз қалған Екібастұз қаласының тұрғындарына «AMANAT» партиясы тарапынан көмек көрсетіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Facebook-тағы парақшасында жазды.
«AMANAT» фракциясы мүшелері Екібастұз қаласына бет алдық.
Халықпен бірге болып, азаматтарға жылу құрылғыларын, киім-кешек, көрпе-жастық, басқа да зәру заттарды жедел ұйымдастыру маңызды.
Қалыптасқан жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жедел және сапалы орындалуын бақылау қажет.
Екібастұз халқымен біргеміз!», – деді депутат.