Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшелері Екібастұз қаласында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясы мүшесі Ерлан Саиров Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов пен қаладағы жағдай бойынша терең әңгіме болды. Депутаттар министрліктер мен облыстық басқармалар басшыларымен жиналыс өткізді. «ЦАЭК» АҚ акционерлерімен қатаң әңгіме болды.