«AMANAT» партиясының мүшелері Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді.
Бүгін партияның Астана қаласындағы филиалынан гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі жолға шықты. Аманаттықтар барлығы 1 000-нан астам жаңа электр жылытқыштар, көрпелер, термостар және тағы басқа қажетті заттар жолдады.
«Партиялықтар Екібастұзда болған жағдайға алаңдап отыр. Аманаттықтар Арыстағы, Мақтааралдағы және Әулиекөлдегі оқиғалар кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға көмектескен болатын. Бұл жолы да шет қала алмаймыз. Бүгін елордадан ең қажетті заттар – жылытқыштар, көрпелер жөнелтіледі. Бүгіннен қалмай бұл көмек Екібастұз тұрғындарына жеткізіледі», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы Астана қаласы филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов.