Үкімет мүшелері Екібастұз қалалық ауруханасына барды

Үкімет мүшелері Екібастұз қалалық ауруханасына барды

Бүгін жылу магистраліндегі екі негізгі жарылған жерді қалпына келтіру және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарланып отыр. Бүгін таңғы сағат 08:00-де Екібастұздағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың отырысында қаланың жылу желілеріндегі қазіргі жағдай мен температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Сағат 9:00-ден бастап қаланың әлеуметтік нысандары тексерілуде.