- Ел жастары қай кезде де қарымды һәм алымды, білімді және білікті. «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», - деген еді ел президенты Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде. Бұл сөздің айқын көрінісін еліміздегі жастар саясатынан аңғару қиын емес. Мемлекет басшысы өз сайлауалды бағдарламасында «Жастар үшін» ұстанымын «Жастармен бірге» деп өзгерту қажет екенін көтерген. Демек, еліміздің саяси жүйесін трансформациялауда жастардың да еңбегі мен қарым-қабілетін де пайдалану аса маңызды. Біз елімізде жастар саясаты кенжеледі деп тұжырымдай алмаймыз. Осы уақытқа дейін мемлекетіміз жастардың қоғам тұрмысына, ел саясатына атсалысуына кедергі ккелтіріп көрген жоқ. Оларға бар мүмкіндік жасады. Мәселен, жастардың кәсіппен шұғылдануына барынша жағдай туғызды. «Бастау-Бизнес», «Zhas project» сынды кәсіпкерлік бағдарламаларын жүзеге асырды. Талай жас осы негізде кәсібін бастап, ісін дөңгелетіп отыр, - деді «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанат Ерханқызы.Жетісу өңіріндегі «Zhas project» жобасын «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі үйлестіреді. Жанат Ерханқызының айтуынша, бұл бастама жастардың жан-жақты дамуына, жаңашыл идеяларды жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Спикер мұнан өзге жастарды қолдауға бағытталған «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» секілді бағдарламалар жайында да айтты.
Болат Абаған, Жетісу облысы.