Астанада ер адамның ломбардтан тон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Рolisia.kz-тің дерегінше, күзен терісінен тігілген тонды ұрлады деп күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды.
Тергеу барысында күдіктінің күндіз Сейфуллин көшесіндегі ломбардтан сырткиімді ұрлап кеткені анықталды.
https://youtu.be/S-YHrlI6_v0
Бутикке кіріп, ол ілулі тұрған тондарды қарап, ломбард қызметкерінің алданып тұрған сәтін пайдаланып, тонды ұрлап кеткен.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.