Хорватия Жапонияны жеңіп, Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты.
Әл-Вакр қаласындағы «Әл-Жануб» стадионында өткен плей-офф кезеңінің бірінші турындағы ойын негізгі уақытта 1:1 есебімен аяқталды.
Кездесудің 43-минутында Дайзен Маэда бұрыштама добынан сәтті ойнап, Жапонияны алға шығарды.
Үзілістен кейінгі қарымта голды Иван Перишич соқты: 33 жастағы шабуылшы баспен гол соқты.
Қосымша уақытта командалар гол соға алмағанымен, пенальтилер сериясында Хорватия ойыншылары дәлірек болды – 3:1. Шешуші голды Марио Пашалич жүзеге асырды.
Хорватиялық қақпашы Доминик Ливакович пенальтилер сериясының қаһарманы атанды, ол төрт соққының үшеуін қайтарды.