Ақтауда 4 желтоқсан күні жоғалып кеткен 11 жастағы Нұрислам Мәмбеков аман-есен табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бала 4 желтоқсан күні сағат 16.35-те «Ақтау» сауда ойын-сауық орталығынан шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оны lider.kz еріктілері мен полицейлер іздеді.
Ерекше белгілері: бойы 150-155 см, шашы қара, көзі қоңыр. Бетінде меңі бар. Қара көк түсті күртеше, көк баскиім, бүйірінде ақ жолағы бар қара трико киген. Сөмкесі мен киім салынған пакеті болған.