Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ош мемлекеттік университетінің негізінде өзінің филиалын ашылды. Онда ЕҰУ мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз етіп, халықаралық ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастықты белсенді дамытады. Ұлттық университет 2024 жылдың соңына дейін шетелде тағы бір филиал ашуды жоспарлап отыр.
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филиалы Ош қаласында құрылды. Оның ресми ашылу рәсіміне Еуразия ұлттық университетінің ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Жанна Құрманғалиева, Ош мемлекеттік университетінің ректоры Құдайберді Қожобеков, Қазақстанның Ош қаласындағы консулы Мұхтар Кәрібай, оқытушылар мен студенттер қатысты. «ЕҰУ филиалының ашылуы біздің елдер арасындағы достық пен тату көршіліктің, білім және ғылыммен қатар барлық салада ынтымақтастықты арттыруға өзара ұмтылыстың арқасында мүмкін болып отыр. Кадрларды жоғары сапада даярлау, нәтижелі ғылым, бәсекеге қабілетті патриот жастар бауырлас халықтарымыздың, жалпы өңірдің болашағы үшін университеттердің елеулі үлесі айнала алады. Филиал Қазақстан мен Қырғызстанның ең дарынды студенттері мен ғалымдарын тартады деп үміттенемін. Бұл бағытта ЕҰУ халықаралық білім беру нарығында өзінің бәсекеге қабілеттілігін тұрақты түрде арттырып келеді. Біздің университет QS World University Ranking рейтингінде әлемнің үздік 300 жоғары оқу орнының қатарына кіріп, 277-орынды иеленді. Жақында ЕҰУ зерттеу университеті мәртебесі берілді. Бұл өз кезегінде ғылыми-академиялық коллаборация мүмкіндіктерін кеңейтеді», - деп атап өтті ЕҰУ проректоры Жанна Құрманғалиева.