СҚО-да ер адам төрт жыл бойы жалған құжаттар бойынша зейнетақы алып келген
СҚО-да ер адам төрт жыл бойы жалған құжаттар бойынша зейнетақы алып келген
© Сурет ғаламтордан
314
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында ер адам төрт жыл бойы жасанды құжаттар бойынша зейнетақы алып келген. Бұл туралы аймақтың экономикалық тергеу департаментінде хабарлады. Анықталғандай, осы кезеңде ер адам мемлекеттен жеті миллион теңгеге жуық қаржы алған.   Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап 2019 жылдың 31 қыркүйегіне дейін ол Өзбекстан Республикасының Құқық қорғау органдарының зейнеткері екені туралы жалған құжат жасап, соның арқасында ҚР аумағында зейнетақы төлемдерін алған.   Заңсыз алынған зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы 6 989 658 теңгені құрады. Сотқа дейінгі тексеру және сотта қарау барысында екі миллион теңге шығын өтелді.   "Сот үкімімен айыпталушы 190 - бабының 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген "ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" деген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, белгіленген пробациялық бақылау арқылы төрт жыл және сегіз ай мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды", - деп хабарлады аймақтың экономикалық тергеу департаментінде.