«AMANAT» партиясының қолдауымен «Жан шуақ» мерейтойлық сыйлығы өтті
«AMANAT» партиясының қолдауымен «Жан шуақ» мерейтойлық сыйлығы өтті
584
оқылды
Елордада «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мү­гедектер конфедерациясы ұйымдастырған «Жан шуақ» қоғамдық сый­лығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Өз сөзінде «AMANAT» партия­сы­ның Төрағасы Ерлан Қошанов «Жан шуақ» сыйлығын өткізу ерекше қа­жеттіліктері бар мыңдаған адам үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан игі дәстүрге айналғанын атап өтті.
«15 жыл ішінде «Жан шуақ» шек­сіз мүмкіндік иелеріне арналған сыйлыққа айналды. Олар сынаққа тө­зіп, қиын-қыс­тау жолдан өтті. Ал бү­­гінде кө­мек­ке мұқтаж жандарға өз­­дері қол ұшын созуда. Елімізде мү­­гедектігі бар адамдардың өзін-өзі да­мытуы үшін барлық жағдай жа­салуда. Ерек­ше қажеттіліктері бар жан­­дарға қол­дау көрсету жұмысы әрқашан Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың басты назарында. Ел Пре­­зидентінің бастамасымен Әлеу­мет­тік кәсіпкерлік бойынша ар­найы жо­балар іске қосылып, ерек­ше қа­жет­тіліктері бар жандардың құқық­тарын қорғау үшін омбудсмен инс­ти­туты құрылуда. Сондай-ақ мү­ге­дек­тігі бар адамдардың өмір сүру са­­пасын жақ­сарту мәселелері бойын­­ша заң қабылданды», – деді Ерлан Қошанов.
Ол «AMANAT» партиясы ерекше қа­жеттіліктері бар адамдардың өмір са­пасын жақсарту жұмысын одан әрі жал­ғастыратынын атап өтті. Себебі бұл қадам партияның басты басым­дық­тарының бірі болып саналады. Жан шуақ Қазақстан мүгедектер кон­фе­дера­циясының президенті, Мәжіліс­тегі «AMANAT» фракциясының мү­шесі Жанат Омарбекованың ай­туынша, бұл сыйлықтың басты мақ­сатының бірі – ерекше қажеттіліктері бар жандардың тұлғалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға кө­мектесу, олардың алға жылжуға және қо­ғамға пайда әкелуге деген ұмты­лы­сын қолдау.
«Осы сыйлық тағайындалғаннан бері еліміздің ғана емес, сондай-ақ АҚШ, Литва, Польша, Эстония жә­не өзге де мемлекеттердің 70-тен ас­там рухы мықты азаматтары лау­реат атанды. Жыл сайын әр номи­на­ция бойынша үміткерлер саны артып ке­леді. Биыл «Жан шуақ» сыйлығына қа­тысуға еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам өтінім келіп түсті», – деп атап өтті ол.
Осылайша, мүмкіндігі шектеулі жан­дарға қарым-қатынас этикасы жә­не ситуациялық көмек көрсету бойын­ша оқыту тренингтерін ұйым­дас­тырған Кентау қаласының тұр­ғы­ны Ерлан Әбдиев «Күшті жігері және жеңіске талпынысы үшін» сый­л­ы­ғы­ның иегері атанды. «Кәсіпкерлік қызметті дамытуға қос­қан үлесі үшін» номинациясы бо­йын­ша қарағандылық Асхат Есен­тұров марапатталды. Ол халықтың әлеуметтік осал тобы және ерекше қа­жеттіліктері бар адамдар жұмыс іс­тей­тін кәсіпорын ашты. Белгілі суретші-зергер, ЮНЕСКО-ның халықаралық сапа белгісінің ие­гері, шымкенттік Икрамжан Ра­фи­ков «Өнер саласындағы аса үздік же­тіс­тіктері үшін» номинациясы бойын­ша сыйлық иеленді. мерейтойлық сыйлық «Мәдениет саласындағы аса үздік же­тістіктері үшін» номинациясы бойын­­ша республикалық және ха­лық­аралық музыкалық байқаулардың жеңімпазы, павлодарлық Диляра Асайынова марапатталды. Алматылық Бақтыгүл Әлімбекова «Спорт саласындағы аса үздік жетіс­тік­тері үшін» сыйлығының иегері атан­ды. Ол Босфор бұғазын бір жа­рым сағаттан аз уақыт ішінде жүзіп өтті. Сондай-ақ параспортшы, скан­динавиялық серуендеу нұсқаушысы саналады.
«Мүгедектігі бар адамдардың ғы­лым мен білім беру қызметін дамы­ту­ға қосқан үлесі және оқуға талпы­ны­сы үшін» номинациясы бойынша ас­таналық Таңсәуле Серіков мара­патқа ие болды. Ол көптеген ғылыми еңбектің авторы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арнал­ған жоғары және жоғары оқу ор­ны­нан кейінгі білім беру тұжырымда­ма­сын әзірлеген ғалым саналады. Ал Ақмола облысының Целиног­рад ауданындағы «Болашақ» мүге­дек­­тер бірлестігінің басшысы Аман­гелді Қапанов  «Мүгедектігі бар адам­дарға қатысты қоғамдық са­на­ның оң өзгеруіне қосқан үлесі үшін» сыйлығының лауреаты деп та­нылды.
Жеңімпаздардың әрқайсысы 1 млн теңге көлеміндегі ақшалай сый­­лыққа ие болды.