«Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын» делінген ресми құжатта.
Сонымен қатар Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Президент өкімімен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.