Әйел сатып алған шұжықтың ішінен тіс тауып алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Tengrinews.kz-тің жазуынша, ол шұжықтан бутерброд жасамақ болған.
«Бір күн бұрын сатып алған шұжықпен таңғы асқа бутерброд жасайын деп ойладым. Бутербродты жеп жатқанда, арасында біртүрлі үшкір зат барын байқадым. Кейін егеуқұйрықтың тісі екенін білдік. Оның көлемі адамның тісінен екі есе үлкен, сіріңке қорабының жартысындай. Жұтып қойсам не болатын еді? Кішкентай немерелеріме бермегеніме қуанып отырмын. Бұл менің сүйікті компаниямның өнімі еді. Осыған дейін барлық шұжық өнімдерін осылардан алатынмын», – дейді әйел.