Астана тұрғыны 25-қабаттан құлап, мерт болды. Бұл туралы Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 8 желтоқсан күні болған. 102 арнасына сағат 10.53-те Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер жігіттің жеке басын анықтады. 19 жастағы Астананың тұрғыны екені белгілі болды. Жігіт 25-қабаттан құлаған.
ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.