Көкшетауда 18 жолаушысы бар автобус өртеніп кетті
Көкшетауда 18 жолаушысы бар автобус өртеніп кетті
3,576
оқылды
Көкшетауда 18 жолаушы отырған ПАЗ-762 автобусы өртеніп кетті. Абырой болғанда адамдар отқа оранған автобустан сыртқа шығып үлгерген, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, суыт оқиға бүгін таңертең болған.
– 10 шаршы метр алаңда «ПАЗ-762» маркалы қызметтік автобус өртке оранды. Өрт 08:48-де оқшауланып, 08:55-те өшірілді. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына ТЖД-ның 11 қызметкері мен 2 өрт сөндіру машинасы шықты», – деді Көкшетау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Асқар Сафаров.
Ведомство облыс тұрғындары мен қонақтарынан автокөліктерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін, сондай-ақ жүргізушілердің автокөліктерін өрт қауіпсіздігіне тексеруі қажеттігін еске салды.