Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстан өнерінің 100 жауһары» атты ауқымды көрме өтеді.
90 жылға жуық тарихы бар Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде бірегей коллекция жинақталған. Қазақстанның өнер классиктерінің – графиктердің, суретшілердің, мүсіншілердің бейнелеу өнерінің үздік үлгілері еліміздің көркем мұрасының алтын қорына айналған. Музей коллекциясының 100 жауһары осы альбомға енгізіліп, көрмеге қойылып, ХХ ғасырдың басында пайда болған сәтінен бастап осы уақытқа дейінгі қазақстандық бейнелеу өнерінің ең лайықты туындыларын, негізгі есімдерін, эволюциясын ұсынады.
«Қазақстан өнерінің 100 жауһары» атты кітаптың құрылымы Қазақстанның кескіндеме, графика және мүсінінің танымал жауһарларын бейнелейтін үш негізгі бөлімнен тұрады. Әр блокта суретшілердің ұрпақтар сабақтастығы және дәуірдің, уақыттың, тарихтың негізгі тенденциялары көрініс табады. Әрбір туынды музей жинағының және жалпы қазақстандық мәдениеттің танымал бренді.
Іс-шара Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған және музей коллекциясының мақтанышы мен еліміздің көркем мұрасының үздік үлгілерін ұсына отырып, қазақстандық өнердің жоғары жетістіктерін ұсынады.