Министр, әкімнің жұмысы есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады – Президент
Министр, әкімнің жұмысы есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады – Президент
807
оқылды
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, сондай-ақ өңірдің әкімдері есеп береді. «Жуырда өткен Президент сайлауы – бұл халықтың бізге артқан зор сенімі және қолдауы. Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз. Сондықтан сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Барлық іс-шара уақытылы  және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады», – деді Президент.