Әлихан Смайылов Үкімет отырысында қымбатшылықтың себебін айтты
Әлихан Смайылов Үкімет отырысында қымбатшылықтың себебін айтты
2,225
оқылды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан экономикасының 2022 жылғы 11 айдағы негізгі даму көрсеткіштеріне тоқталды. Оның айтуынша, қаңтар мен қараша аралығында экономиканың өсу қарқыны 2,7% деңгейінде болды.    width= Биыл қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 34%-ға өсіп, $111 млрд-ты құрады. Экспорт 45%-ға, соның ішінде өңделген тауарлар экспорты 35%-ға өсті. Биыл қараша айындағы жағдай бойынша Қазақстанда инфляция көрсеткіші 19,6%-ды құрады. Оның негізгі факторлары – геосаяси шиеленістің күшеюі, әлемдегі бағаның рекордтық өсуі, логистиканың бұзылуы және көрші елдерде кейбір тауарлардың экспортына уақытша шектеулердің енгізілуі.
«Қазір Үкімет инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда. Оның шеңберінде жедел және орта мерзімді іс-шаралар көзделген. Олар ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін арттыруға, тауарларды сақтау және тасымалдау тетіктерін дамытуға, бөлшек сауданы қолдауға бағытталған», – деді Әлихан Смайылов.