Игерусіз жатқан жер қайтып жатыр
Игерусіз жатқан жер қайтып жатыр
708
оқылды
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы партиялық ба­қы­лау комиссиясы мен филиал жанындағы Мемлекеттік басқаруды да­мы­ту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында игерусіз жатқан жерлерді мемлекет мен­шігіне қайтару мен жол құрылысына қатысты өзекті мәселелер кө­терілді. Жиында ең әуелі облыс әкімдігі Жер қатынастары бас­қармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов баяндама жасап, өңірде 8,1 миллион гектар жайылым жер бар болса, соның игерусіз жатқан басым бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылғанын жеткізді.
– Облыс әкімдігі облыстық про­кура­турамен бірлесіп елді мекендердегі жайы­лым жерлердің пайдалануына зер­делеу жұмыстарын жүргізді. Нәти­же­сінде, 683 мың гектар жайылым жер же­тіспейтіні анықталды. Мәселені жүйе­лі түрде шешу үшін 5 бағыт бойын­ша жұмыстар жүргізілуде. Жер кодексіне сәйкес, ауылдық округ теңгеріміне бо­салқы жерлер санатындағы 225,0 мың гек­тар жайылым жерлерді елді мекенге беру жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ ортақ жайылым жерлердің пай­да­ла­нуға беріліп кеткен бөлігі елді мекен­дер­ге қайтарылуда. Елді мекендер ау­ма­ғына 5 шақырым радиуста жақын ор­наласқан есебінен 199,6 мың гектар жайы­лым жерлерді ауылдық округтерге бе­кітіп беру басталды. Мал басы көп тұр­ғындардың малын орман қоры же­ріне шығару да ұйымдастырылуда. Бү­гін­де орман қорындағы 1 042,4 мың гектар жайылымға 242,9 мың мал басы шы­ғарылды. 2021 жылы игерілмеген жә­не заң талаптарын бұза отырып, пай­да­ланудағы 252,3 мың гектар жайылым жер­лердің 106,3 мың гектары мемлекет мен­шігіне қайтарылса, биыл 153,5 мың гек­тар жер қайтарылды, – деді басқарма бас­шысы.
Жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерінің жағдайын жақ­сарту мақсатында биыл 16,2 мил­лиард теңге бөлініп отыр. Оның 8,3 мил­лиард теңгесі республикалық, 7,9 мил­лиард теңгесі жергілікті қазынадан қарал­ған. Бөлінген қаржылар есебінен 9,4 шақырым жол қайта жаңғыртылып, 605,2 шақырым жолдар орташа жөн­деу­ден өтуде. Облыс әкімдігінің Жолау­шы­лар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Мақашевтың ай­туын­ша, бөлінген қаржылар ішінде 1 мил­лиард теңге жол қозғалысы қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақсатында жер­гілікті жолдарды қысқы - жазғы кү­тіп ұстау жұмыстарына жұмсалады екен.
– Жобалардың жүзеге асырылуы – жер­гілікті тұрғындардың көлікпен қа­ты­науын жақсартумен қатар, өңірдің кө­ліктік логистикасы инфра­құры­лы­мы­ның дамуына да орасан зор үлесін қосып отыр. Жыл қорытындысымен жақсы жә­не қанағаттанарлық жағдайдағы жер­гілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 97 пайызды, ал елді мекен көшелері бойын­ша бұл көрсеткіш 82 пайызды құрай­тын болады, – деді Н.Мақашев.
Жол жөндеу жұмыстарының са­па­сын арттыру мақсатында «Жол актив­те­рінің сапа орталығымен» келісімшарт жа­сасуға жергілікті бюджеттерден жал­пы 119,0 миллион теңге бөлінді. Сапа ор­талығымен бірлескен 557 зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 1 195 сынама алын­ды. Нәтижесінде, 152 кемшілік анық­талып, жұмыс тәртібінде жою бойын­ша шаралар қабылданды. 2025 жылға дейін «АМАNАТ» пар­тиясының сайлауалды платформасында бе­кітілген іс-шаралар жоспарына сәй­кес, 621 шақырым жергілікті маңыздағы автожолдарды орта жөндеумен қамтып, қанағаттанарлық деңгейін 99,5 пайызға жеткізу көзделген екен. Міне, осылайша партияның сай­лауал­ды бағдарламасында бекітілген бас­тамалар бағдарлы бағытын тауып, же­місін беруде. Бұл, әрине жетекші пар­­тия жоспарының бағыты ай­қын еке­нін айғақтайды. Партия алда­ғы уақытта да халық үшін қалтқысыз қыз­мет ете бере­тініне бек сенімдіміз.

Жамбыл облысы