Павлодарда "Гарант-24" ломбардының директоры ұсталды
Павлодарда "Гарант-24" ломбардының директоры ұсталды
297
оқылды
Полицияда хабарлағандай, "Гарант-24" ломбардының Павлодар филиалының басшысы алданған қалалықтардың арызынан кейін тұтқындалды. "Салымшылардан ұжымдық өтініш келіп түсті. Аталған факті бойынша Павлодар облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі "аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық"бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. "Гарант-24" ломбардының аймақтық директоры Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды",-деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі. Полицейлердің ақпараты бойынша, іс бойынша тергеу жалғасуда. "Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚІЖК 201 - бабына сәйкес тергеу жүріп жатқандықтан өзге ақпарат жарияланбайды",-деп атап өтті Павлодар облысы ЖП баспасөз қызметінде. Бұған дейін хабарланғандай, "Гарант24 Ломбард" Тараздағы және Атыраудағы филиалының директорлары да уақытша ұстау изоляторына қамалды.